28 сәуір 2022 | 14:02

Бас прокуратура жұмысшылардың еңбек құқығын бұзған компанияларды атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Прокурорлар қазақстандық 49 ірі кәсіпорынды тексеріп, жұмысшылар құқығын бұзу деректерін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар қазақстандық 49 ірі кәсіпорынды тексеріп, жұмысшылар құқығын бұзу деректерін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қауіпсіз еңбек жағдайы конституциялық құқық екені сөзсіз. Прокуратура органдарында осы құқықты сақтау басымдыққа ие. Осы мақсатта прокурорлар 49 ірі кәсіпорынды тексерді", - делінген Сапарбек Нұрпейісовтің Бас прокуратура сайтында жарияланған мақаласында.

Оның айтуынша, прокурорлар жұмысшыларға зиян еңбек жағдайлары үшін өтемақы төленбейтінін анықтаған. Қорғаныс құралдары және азық-түлікпен қамтамасыз етудің жоқтығына байланысты 2 мыңнан астам дерек анықталған. Сонымен қатар, жұмыс берушілер барлық жерде қызметкерлерді оқыту, міндетті нұсқау беру, сақтандыру және медициналық тексеруден өткізу шараларын қолданбайды (5 мыңнан астам қызметкер).

Реклама
Реклама

Өрт, өндіріс және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласында 6,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. Бұл - өрт дабылдарындағы және желдету жүйесіндегі ақау, электр қалқандарының қоршалмауы, гидранттар мен өртсөндіргіштердің болмауы және т.б.

"Мысалы, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС шахталарында шатырларды басқару бекітпелері қойылмаған кезде жұмыс жүргізілген (торкретбетон және болат полимер бекітпелер жоқ). Кеншілер кез келген уақытта тау-кен массасы астында қалуы мүмкін (жазатайым оқиғалардың 60 пайызы дәл осы заңбұзушылықтаға байланысты)", - деп қосты Нұрпейісов.

Ол тексеріс барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 1,5 мыңнан астам технологиялық жабдық жұмысы анықталғанын, ал 50-і толығымен тоқтатылатынын атап өтті. Оларда 2,5 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істейді.

"Азаматтардың еңбек құқығын бұзушылар қатарында "Қазцинк", "Қазхром", "Қазфосфат", "Аралтұз", "Қазақмыс" және "Өзенмұнайгаз" компаниялары бар.

Сондай-ақ, еңбекті қорғау саласындағы жағдайды жекелеген жұмыс берушілердің өндірісте жарақаттану және жұмысшылардың өлімін жасыратын заңсыз әрекеттері де қиындатып отыр. Тексеріс барысында осындай 40-тан астам факт анықталды", - делінген мақалада.

Жалпы, тексеріс қорытындысы бойынша 69 қадағалау актісі енгізіліп, 226 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Прокурорлардың актісі бойынша 30 мың жұмысшының жалақысы өскен, 600-ден астам жұмысшыға өтемақы төленіп, қорғаныс құралдарымен және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталған. Сондай-ақ, 22 техниканың жұмысы тоқтатылды, деп түйіндеді сөзін Сапарбек Нұрпейісов.

Ол бұл мәселе Бас прокурордың ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная