23 ақпан 2022 | 12:50

Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты адам уақытша ұстау изоляторларында қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық сурет

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты адам уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында Бас прокуратураға қарасты арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты адам уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында Бас прокуратураға қарасты арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, азаптау деректерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергейді. Ал арнайы прокурорларға адам өлімі сияқты салдарға соқтырған азаптау деректері бар істер келіп түседі.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, осындай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам және Талдықорғанда бір адам қайтыс болды. Сондай-ақ, Талдықорған тұрғынын үтікпен азаптауға байланысты резонанс тудырған істі қарап жатырмыз. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз", - деді Ризабек Ожаров.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная