Бас прокуратура қауіпті жарнамалық видеоға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Бас прокуратура қауіпті жарнамалық видеоға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бас прокуратура қазақстандықтарға интернетте тарап жатқан, қазірдің өзінде 240 мыңнан астам қаралым жинаған бейнероликке қатысты ескерту жасады. Бейнежазбада мемлекеттік органның атынан азаматтарға ақшалай қаражатты қайтаруға көмектесу уәде етілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бас прокуратура қазақстандықтарға интернетте тарап жатқан, қазірдің өзінде 240 мыңнан астам қаралым жинаған бейнероликке қатысты ескерту жасады. Бейнежазбада мемлекеттік органның атынан азаматтарға ақшалай қаражатты қайтаруға көмектесу уәде етілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қауіпті жарнама

Қадағалау органының мәліметінше, "онлайн I консультация беру және қолдау құқығы" ролигі жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жасалған және дипфейк санатына жатады. Оның мақсаты - азаматтарды адастырып, олардың ақшалай қаражатына қол жеткізу.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ бейнематериалда "Инвестицияларды бақылау агенттігі" деген құрылым туралы айтылған. Алайда Бас прокуратура Қазақстанда мұндай мемлекеттік органның жоқ екенін атап өтті.

"Құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бейнелерін осындай материалдарда пайдалану азаматтардың алаяқтық схемаларға деген сенімін арттырудың бір жолы", - деп ескертті Бас прокуратура.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары бейнероликті жасауға және таратуға қатысы бар адамдарды жауапқа тарту үшін олардың кім екенін анықтап жатыр.

Қазақстандықтарға үндеу

Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және өзге де интернет-ресурстарда таратылатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарауға, сондай-ақ күмәнді сілтемелерді ашпауға және жеке деректерді не ақшалай қаражатты үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Бұл ретте Бас прокуратура мемлекеттік органдар мессенджерлер, әлеуметтік желілер немесе бөгде онлайн-платформалар арқылы ақша қаражатын қайтару бойынша қызмет көрсетпейтінін еске салды.

Мұндай фактілер анықталған жағдайда қазақстандықтардан құқық қорғау органдарына дереу жүгінуді немесе "102" нөміріне хабарлауды сұралды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама