23 желтоқсан 2022 | 08:56

Бас прокуратура Қазақстандағы жылу электр станцияларын тексереді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бас прокуратура Қазақстандағы жылу электр станцияларын тексеретіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура Қазақстандағы жылу электр станцияларын тексеретіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз ЖЭС мәселелері бойынша тексеру жүргізуді жоспарлап отырмыз, бірақ қазір жылу беру кезеңі екенін ескере отырып, барлық ЖЭО-да тексеру жүргізу мүмкін емес. Кейбір тексерулер осы ЖЭО-ның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз тексеру мүмкіндігі бар ЖЭС-терді қамтитын боламыз. Екібастұзда орын алған істер қайталанбауы үшін прокуратураның, уәкілетті органдардың араласуы қажет болып отыр.

Қазіргі уақытта Риддер қаласындағы жылу электр орталығының жұмысына тексеру жүргізіліп жатыр, сонымен қатар, Екібастұз қаласының жылу шаруашылығына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды. Қалған ЖЭО-ларды да міндетті түрде тексеретін боламыз", - деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Сондай-ақ, Бас прокуратура өкілдерінен Риддердегі жылу электр орталығының жұмысындағы заң бұзушылықтар туралы сұралды.

Реклама
Реклама

"Риддердегі жағдай бойынша тексерулер жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ЖЭО қалыпты жұмыс істеуі үшін белгіленген басқа да талаптар бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, сәйкестікке тексеру жоспарланған. Инвестициялық тарифтермен, инвестициялық сомалар, бүкіл тариф қайда жұмсалды, басқа мақсаттарда жұмсалып кетпеді ме тексереміз. Қазір бұл тексерулерді Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары жүргізіп жатыр", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная