05 мамыр 2022 | 18:47

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: ашық дереккөздерден

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Желіден әлеуметтiк және ұлтаралық алауыздықты қоздыратын жазбаларды анықтап, тіркеп алдық. Материал авторлары азаматтардың немесе белгілі этникалық топтың (ұлттың, халықтың) ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдейі қорлайды. Басқа ұлттың немесе әлеуметтік топтың адамдарына, тіпті, зорлық-зомбылық көрсетуге дайын екендерін де білдіріп жүр. 

Әдетте, мұндай жазбалардың авторлары құқық қорғау органдары өздерінің жеке тұлғаларын анықтағаннан кейін өз әрекеттеріне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда, бұл оларды жауапкершіліктен босатпайды", - делінген Бас прокуратураның үндеуінде.

Ведомство мәліметінше, олардың БАҚ немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып, айтқан сөздері мен мәлімделемелері Конституцияда тыйым салынанған және Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал егер келтірген залалдың салдары ауыр болса, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұл құқық бұзушылық экстремистік қылмыс санатына жатады (ҚК-тің 3-бабы).

Реклама
Реклама

"Мұндай әрекет жасағандарға шартты түрде соттау (ҚК-нің 63-бабы), шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ҚК-нің 72-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру (ҚК-нің 73-бабы) немесе кейінге қалдыру қарастырылмаған (ҚК 74, 76-баптары)", - делінген хабарламада.

Осындай қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталғандар экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың Тізіміне енгізіледі. Тізімге енгізілген кезеңде олар өз қаржысы мен мүлкін басқарудан, кейбір банк операцияларын жүргізуден шектеледі, нотариустар мен сақтандыру ұйымдарының қызметтерін қолдана алмайды ("Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңы).

"2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ұлттық араздықты қоздыру фактілері бойынша 21 адамды сотталды", - деп қосты Бас прокуратура. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная