ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2022 | 12:17
Бас прокуратура казиноға миллиондап ақша жаратқан шенеуніктерге қатаң шара қолдануға уәде берді
Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиевтен казинода 500 миллион теңгеден аса ақша жаратқан шенеуніктердің жағдайын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиевтен казинода 500 миллион теңгеден аса ақша жаратқан шенеуніктердің жағдайын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер Сенат отырысында бас прокурордың орынбасарынан шенеуніктер казинода жаратқан ақшаны қайдан алғанын сұрады.
"Иә, мұндай ақпарат желіде тараған болатын, бар. Бірақ әрбір дерек бойынша тиісті мемлекеттік органдар тексеру жүргізеді. Осы тексерулердің нәтижесі бойынша барынша қатаң шаралар қолданылатын болады", - деп жауап берді Чиндалиев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.
Анықталған мемлекеттік қызметшілер арасында:
Ішкі істер министрлігі - 97;
Қорғаныс министрлігі - 95;
Қаржы министрлігі - 25;
Жоғарғы Сот - 7;
Қаржы мониторингі органдары - 15;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
әкімдіктер - 36;
басқа да мемлекеттік органдар - 27.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также