24 қазан 2019 | 16:27

Бас прокуратура коллекторлардың аудиохабарламасы жайлы пікір білдірді

Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов коллекторлардың қарызы барларған жіберген хабарламасы делінген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов коллекторлардың қарызы барларған жіберген хабарламасы делінген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, соңғы үш жылда коллекторларға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалған. 

Реклама
Реклама

"Көптеген жағдайларда ақпаратты үшінші адамға берілуіне байланысты шағымдар түсіп жатады. Хабарламаның не аудиохабарламаны көрсетіп жатады. Сұмдық жағдай, құлақ сарсиды!". 

"Біз оның шынымен де коллекторлық компанияның қызметкері екеніне көз жеткізе алмаймыз, себебі ол жеке нөмір. Мұндай хабарламаларды біз Ұлттық банкке жібереміз". 

"Банк құпиясы бары түсінікті, алайда коллекторда бар ақпарат Ұлттық банкте де болуы тиіс. Бізде қоңырау шалған нөмір көрініп тұрады, адам қарыз алушыға қоңырау шалып, қоқан-лоқы түріндегі хабарлама жолдайды, алайда оның кім екені түсініксіз. Ұлттық банк нақты бір қарыз бойынша коллекторлық компаниядан қай қызметкер осындай хабарлама жібергенін біле алады. Егер оның қызметкері болмай шықса, онда ақпаратты үшінші адамға беру болып саналады. Сол себепті мұнымен қаржы реттегіші айналысады", - деді Қайрат Раисов. 

Оның айтуынша, Ұлттық банкке ұялы телефондар туралы ақпаратқа қолжетімділік беруі тиіс. 

"Бұл жосықсыз коллекторлармен күрестің түрі. қоңырау шалған адамның кім екенін білмей дал. Яғни коллекторлар нақты бір нөмірлермен қарыз алушыға қоңырау шалуы керек. Бақылау бастан аяқ болуы тиіс", - деді Бас прокурордың аға көмекшісі. 

Оның айтуынша, коллекторлық компаниялардың қызметкерлеріне талап қойылмаған. 

"Басқару құрамына қойылатын талаптар бар, алайда қызметкерлерге ешқандай талап қойылмайды. Егер адаммен жұмыс істеп жатса, ол түсінікті тілде сөйлесіп, заң аясынан алыстамай ар-намысқа тиетін сөздер айтпауы керек. Бірінші кезекте, сотталмаған болуы керек. Бәлкім ол адам өлтірген не зорлаған болуы мүмкін", - деді Раисов. 

Айта кетейік, Қазақстанда 165 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. 2018 жылы Ұлттық банкке коллекторлық компаниялардың жұмысына 230 арыз түскен. 2019 жылы бастапқы бес айдың өзінде 157 шағым қаралған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная