ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2022 | 15:09
Бас прокуратура күдікті деп танылған жоғары лауазымды полицейлер туралы айтты
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеу барысында ҰҚК мен бірнеше облыстағы полиция департаменттерінің басшылары күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеу барысында ҰҚК мен бірнеше облыстағы полиция департаменттерінің басшылары күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҰҚК және Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы Полиция департаменттерінің, Алматы әуежайы ғимаратын қараусыз қалдырып кету дерегі бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл орган жетекшілері күдікті ретінде танылған.
Бұған дейін Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталған болатын. Ол қызметтік қаруды сақтауға жауапты болған және арсеналдың бір бөлігін талан-таражға салуға жол берген. Нәтижесінде, қылмыскерлер 610 қару-жарақ, соның ішінде пулемет, тапанша және гранатометтерді алып кетті", - деді Қилымжанов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 206 қару ғана табылған, қалғаны қылмыскерлер қолында.
"Сондай-ақ, Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы да ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамай, әуежайды қараусыз қалдырған, сол арқылы оны басып алуға мүмкіндік берген. Салдарынан қомақты шығын келтіріліп, әуежай инфрақұрылымы бұзылып, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланып, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді", - деді Қилымжанов.
Оның айтуынша, бұл ретте әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері болған, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкері. Олардың бәрі шабуылды тойтару үшін жеткілікті атыс қаруымен қаруланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также