Бас прокуратура Нұрбол Назарбаевтың активтеріне қатысты жұмыс істеп жатыр - Берік Асылов

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың активтеріне қатысты жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың активтеріне қатысты жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Контекст

24 қыркүйекте мәжілісмен Ринат Зайыт сот шешімімен Нұрбол Назарбаев 57 миллиард теңге көлеміндегі активтерінен айырылғанын және оның барлық банк шоттары бұғатталғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, ол Болат Назарбаев пен оның отбасы тарапынан базарларды рейдерлік жолмен иемдену ықтималдығы туралы да айтқан. Оның ішінде "Алтын Орда" базары жиі сөз болатыны айтылды.

Реклама
Реклама

Өз сауалында Ринат Зайыт Нұрбол Назарбаевтың активтерін тексеруді, заңсыз алынғандарын анықтап, мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті.

Бас прокуратураның жауабы

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия шешімдері негізінде 1,3 триллион теңге көлеміндегі активтерге қатысты шаралар қабылданған. Атап айтқанда:

  • ерікті түрде шамамен 750 миллиард теңге және 103 миллиард теңге көлеміндегі мүлік қайтарылған;
  • тағы 112 миллиард теңге мәжбүрлі түрде өндірілген.

Нұрбол Назарбаевқа қатысты Берік Асылов былай деді:

"Активтерді қайтару бойынша жұмыс заңмен қорғалатын құпияны сақтау талаптарына сай бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланып отырады. Жұмыс барысында сіздің сауалыңызда көрсетілген тұлғалар да қамтылған. (...) Сіз келтірген деректер заңсыз иемдену, шығару және активтерді қайтару ісіндегі жұмысымызда ескеріледі".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама