ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2022 | 12:02
Бас прокуратура өкілі Әблязовті экстрадициялау туралы айтты
Бас прокуратура өкілі Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура өкілі Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевке Қазақстан бұрынғы банкирді қайтара ма деген сұрақ қойды.
"Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Біріншіден, банк қаражатын ұрлауға қатысы бар. Екіншісі Тәтішевтің өліміне қатысты. Екі қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққаннан кейін сұрау хаттарымыз Францияның тиісті экстрадициялау органдарына жіберілді. Хаттар бақылауымызда", - деп жауап берді бас прокурордың орынбасары.
Оның айтуынша, қарастыру кезеңі әртүрлі. "Қазақстан Мұхтар Әблязовті экстрадициялаумен айналысып жатыр ма" деген сұраққа Жандос Өмірәлиев: "Әрине, бұл жұмыс тоқтамайды. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деп жауап берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также