Бас прокуратура референдумға дайындық кезіндегі заңбұзушылықтар туралы айтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

АЭС салу жөніндегі референдумға дайындық кезінде 24 заң бұзу фактісі анықталды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев ОСК алаңында өткен брифингте мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Референдумға дайындықтың алғашқы күндерінен бастап референдум туралы заңнаманың 24 заңбұзушылығы анықталды. Бұл фактілер қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережелерінің бұзылуына қатысты. Қазіргі уақытта заңды бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 қазаннан бастап референдумға қатысты өтініштер дереу қаралуға жатады. Қазіргі уақытта прокуратура органдарына төрт өтініш келіп түсті. Бұл өтініштер заңсыз сауалнама жүргізген және жасырын үгіт материалдарын таратқан адамдарға қатысты", – деді Өмірәлиев.

Айта кетейік, 6 қазан – АЭС құрылысына қатысты жалпыреспубликалық референдум өтеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама