23 желтоқсан 2022 | 08:42

Бас прокуратура Рүстем Әбдірахмановтың ісіне қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР Бас прокуратурасы Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов тергеуге алынуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бас прокуратурасы Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов тергеуге алынуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Рүстем Әбдірахманов орнында, қызметінен шеттетілген жоқ. Ол рейдерлік іске қатысты куәгер саналады және куәгерлердің қатарында. Күдікке іліккен жоқ. Одан жауап алынды, тергеу іс-шаралары жүргізілді", - деді ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Елдос Сағиев.

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі оған қатысты тінту іс-шараларының жүргізілмегендігін, ұялы телефоны тәркіленбегендігін атап өтті.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілгені туралы ақпарат тараған болатын.

Кейін Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі одан қылмыстық іс бойынша жауап алынғаны туралы ақпаратты растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная