Бас прокуратура тәртіпсіздіктерге қатысты: тергеу изоляторында кездейсоқ адамдар жоқ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырды және оларға қатысты деген күдікпен 467 адам қамауға алынды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз олардың жеке басын, отбасылық жағдайын, жасын, денсаулық жағдайын, істеген ісіне көзқарасын және басқа да деректерді мұқият зерттейміз.

Осы факторларды талдай отырып, арнайы прокурорлар 76 күдіктіні тергеу изоляторынан босатты. Олар ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемемен үйқамаққа жеке кепілдікпен ауыстырылды", - деді Ожаров Орталық бақылау комиссиясының брифингінде.

Ризабек Ожаровтың айтуынша, олардың арасында екі әйел мен тоғыз кәмелетке толмаған бала болған.

Реклама
Реклама

"Біз тергеу изоляторларында кездейсоқ тұлғалардың жоқтығын мәлімдейміз. Тек ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы барлар ғана қамауға алынады", - деп қосты Ожаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама