Бас прокуратурадағылар Мұхтар Жәкішевтің колониядағы өмірі жайлы айтып берді

Мұхтар Жәкішев. © vesti.kz

Бас прокуратураны? К?шіне енген ?кімдерді? за?дылы?ын ж?не оларды? орындалуын ?ада?алау ?ызметіні? басшысы ?айрат Жа?ыпбаев "?азатом?нерк?сіп" компаниясыны? б?рын?ы президенті М?хтар Ж?кішевті? денсаулы? жа?дайы ?андай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы Қайрат Жақыпбаев "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің денсаулық жағдайы қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге Жәкішев бойынша хат жиі түседі. Туыстары кездесуге тұрақты түрде жиі келеді. Туыстары оны емделгісі келетін жеке емханаларына алып кетіп, емдетеді. Екі аптада бір рет тексеріліп тұрады", - деді Қайрат Жақыпбаев ведомстводағы баспасөз қызметінде. 

Ол Жәкішев ауруханаға жататындай негіз жоқ дейді.

Реклама
Реклама

"Белгілі бір созылмалы аурулар бар, солар бойынша қаралып тұрады. Қылмыстық-атқару жүйесі дәрігерлерінің емес, сол жеке емханалардың дәрігерлері жазып берген дәрілер тізімі бар. Оның денсаулық жағдайы бойынша ешқандай да шағым жоқ, ауруханаға жатуға негіз жоқ. Ол шағымдары бойынша толықтай қаралады. Кездесуде де еш мәселе туындаған жоқ. Оны ешкімнен жасырмайды, қоғамдық бақылау комиссиялары әрдайым келіп тұрады, проблема жоқ", - деді Жақыпбаев.

Еске салайық, "Қазатомөнеркәсіп" экс-президенті Мұхтар Жәкішев 2010 жылы пара алды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама