15 наурыз 2024 | 15:30

"Бас прокуратураға тапсырма беруіңізді сұраймын": танымал заңгер Тоқаевқа жүгінді

Фото: Ақорда

Қазақстандық заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Омарова балалардың суицид мәселесіне тоқталды.

"Сіздің назарыңызды, әсіресе балалар арасындағы суицид деректерін тергеуге аударғым келеді. Қылмыстық істер негізінен "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тіркеледі. Кейіннен нақты себептер анықталмағандықтан, қылмыстық істер тоқтатылады", - деді Айман Омарова.

Реклама
Реклама

Ол өз-өзіне қол жұмсау себептерін, яғни жәбірленушіге қатысты заңсыз әрекеттердің себептерін анықтау мүмкін еместігі, ашылмаған қылмыстық құқық бұзушылықты білдіретінін атап өтті.

"Сондықтан, Бас прокуратураға Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тіркелген барлық қылмыстық істерді зерделеуді тапсыруыңызды сұраймын, өйткені қандай да бір шара қолдану қажет", - деді Омарова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная