Бас прокурор Асылов қаңтар оқиғасы туралы: қаза болғандар тізімі міндетті түрде жарияланады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Бас прокурор Асылов қаңтар оқиғасы туралы: қаза болғандар тізімі міндетті түрде жарияланады Фото ©REUTERS

Бүгін тағайындалған Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін тағайындалған Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандар тізімі әлі күнге жарияланбағанына наразылық білдірді.

"Ол тізім міндетті түрде жарияланады, сіздер міндетті түрде қатысасыздар. Бірақ қазір айта алмаймын. Қашан екенін айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр", - деп жауап берді Асылов БАҚ өкілдеріне.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Берік Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалғаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама