Бас прокурор Бергей Рысқалиевтің кассирлері туралы айтты

Бергей Рысқалиев

?Р бас прокуроры Жа?ып Асанов Атырау ?аласыны? б?рын?ы ?кімі Бергей Рыс?алиевті? кассирлері туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов Атырау қаласының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің кассирлері туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Асановтың ойынша, Қазақстанда құыққ қорғау органдары қаржылық қылмысты нашар тергейді. Ал қаржылық қылмыс жасаушылар ақылды, техникалық білімі бар, тезірек ойлайды және алдын бірнеше қадамға болжап қояды. 

"Өкінішке қарай біз осы тұрғыдағы қылмыстық істер бойынша жұмысымыз нашар.  Көбіне азын ғана қайтарамыз. Біздің тергеушілер тұлғаларға қарсы қылмыс жасағандарды жылдам табады. Ұрлық, адам өлтіру, бұзақылар. Біз тіпті мұндай істерді еуропалық елдердің көпшілігінен жақсы ашамыз. Бірақ, қаржылық қылмысты біз өте нашар тергейміз. Неге? Өйткені қаржылық қылмыс жасаушылар ақылды, техникалық білімі бар, тезірек ойлайды және алдын бірнеше қадамға болжап қояды. Қаржыны тауып, оны қайтару үшін бірден есепшотты жауып тастау орнына, тергеу өзге нәрселермен айналысады. Сараптама келген шығынды есептеп болғанша, қылмыскер жымқырған қаржыны басқа жаққа аударып, елден еркін шыға береді", - дейді Асанов ұрланған активтерді шетелден қайтаруға арналған дөңгелек үстел барысында айтқан сөзінде.

Реклама
Реклама

Қазақстанның бас прокуроры Бергей Рысқалиевтің кассирлерін мысалға келтірді. 

"Құқық қорғаушылар тергеу және басқа да дүниелермен айналысып жатқанда, бұрынғы әкімнің кассирлері жымқырылған жарты миллион долларды шетелге аударып жіберген. Онымен бірге Англияға қашып кетіп, ол жақта еркін өмір кешіп жүр", - деді Жақып Асанов. 

Еске салайық, Атыраудың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты басты сот отырысы 2014 жылдың қаңтар айында басталған. Бұл іске қатысты кінәлілердің барлығының ортақ мерзімі 100 жылды құрады. Рысқалиевтің өзі және Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты болған туған інісі халықаралық іздеуде жүр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама