ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қыркүйек 2016 10:59
Бас прокурор Назарбаевтың тапсырмасымен Ақтөбеге бара жатыр
Бас прокурор Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Ақтөбеге барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомстводағылардың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтөбе облысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін еліміздің барлық орталық мемлекеттік органдарынан және мемлекеттік емес ұйымдардан 200-ден астам үздік мамандар келіп отыр.
"Бүгін Бас Прокурор Ж. Асановтың аймақ жұртшылығымен, кәсіпкерлермен, студенттер және мектеп оқушыларымен кездесулері өтеді", - делінген хабарламада.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу