ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қаңтар 2023 14:49
Бас прокурор Самат Әбіштің статусына қатысты пікір білдірді
Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің статусы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Соның ішінде ҰҚК бойынша мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Жауапкершілік мәселесі қылмыстық істің аяғында анықталады", - деді Берік Асылов.
Қазіргі уақытта Самат Әбіштің статусы қандай екені туралы сұраққа Берік Асылов: "Ондай ештеңе жоқ, одан жай ғана куә ретінде жауап алынды", - деді ол.
Бас прокурор оның қорғауға құқығы бар куәгер емес, жай куәгер екенін нақтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу