ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2023 | 11:19
Бас прокурор ҰҚК-нің бұрынғы басшылығы не үшін айыпталып отырғанын айтты
Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинге қатысты қозғалған істер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинге қатысты қозғалған істер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өздеріңіз білесіздер, ҰҚК-нің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс "өте құпия"деген белгімен тергелді. Материалдар құпияландырылды, өйткені оларда мемлекеттік құпия бар.
Істе сыртқы саяси, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер бар. Асыловтың сөзінше, оларды жариялау Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін", - деді ол.
Оның айтуынша, іс қазір сотта қаралып жатыр.
"ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттерге барды және билікті асыра пайдаланды деген айыппен сотқа тартылды", - деді Асылов.
Сондай-ақ, ҰҚК бастығының тағы бір орынбасары Осиповқа, сондай-ақ ҰҚК басқа да бөлімшелерінің басшыларына өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылғаны хабарланды.
"Мен басқа ақпаратты аша алмаймын", - деп қорытындылады Бас прокурор.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также