05 қаңтар 2023 | 14:06

Бас прокурорға қаңтар оқиғасының негізгі ұйымдастырушысы туралы сұрақ қойылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бас прокурор қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурор қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысынан кейін Бас прокурор Берік Асылов журналистердің сауалдарына жауап берді.

"Біз Кәрім Мәсімовті басты ұйымдастырушы дей аламыз ба", - деп сұрады журналистер.

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік төңкеріс жасау, оған дайындық болған. Негізгі ұйымдастырушылар - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды: Мәсімов пен оның орынбасарлары бар", - деді Асылов Мәжіліс кулуарында.

"Яғни, Мәсімов басты ұйымдастырушы ма? Бұл дұрыс па? Тергеу бойынша ма", - деп тағы сұрады БАҚ өкілдері.

"Иә деп айтуға болады", - деп жауап берді Бас прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная