Бас санитар дәрігер астаналықтарға үндеу жасады

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Халықаралық әйелдер күніне қатысты астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Халықаралық әйелдер күніне қатысты астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мереке қарсаңында тағы бір рет қала тұрғындары мен елорда қонақтарына карантин шараларын сақтау керегін ескерткім келеді. Маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз, мүмкін болса, адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз. Сондай-ақ, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмауларыңызды сұраймыз", - деді Сархат Бейсенова брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы жүргізілген шектеулер мен эпидемияға қарсы шаралар арқасында Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші қаңтармен салыстырғанда 33,8 пайызға төмендеген. Ал өткен аптада алдыңғы аптаға қарағанда 4,3 пайызға өскен.

Реклама
Реклама

Қазір Нұр-Сұлтан 100 мың тұрғынға шаққанда 54,04 қарқынды көрсеткішімен "сары" аймақта тұр.

Тәулігіне коронавирус жұқтырудың 68 жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 - симптомы бар, 31 - симптомсыз. Сондай-ақ, 73 ошақ, 53 үй, 19 ұйым анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама