30 қазан 2020 18:24

Бас санитар дәрігер Қазақстандағы коронавирус жағдайын бағалады

Ерлан Қиясов. Фото primeminister.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда COVID-19 таралуына қатысты жағдайды бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда COVID-19 таралуына қатысты жағдайды бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ойымша, қазір аймақтардағы жағдай тұрақты. Басқа аймақтарда коронавирус өршуі болмайды деп ойлаймын. (Тек. - еск.) егер біздің ауырғандар саны артса. Әзірге күрт өсу тенденцияцы жоқ (...).

Негізінде жағдай айтарлықтай тұрақты. Біз қабылдаған қатаң шаралар әсер етіп, жағдайды бақылауға көмектеседі деп үміттенеміз. Елдегі жалпы жағдай, әсіресе шекаралас елдермен салыстырғанда тұрақты", - деді бас санитар дәрігер ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Ол ШҚО-дан басқа өңірлерде блокбекет орнатудың керегі жоқ екенін айтты. 

"Тек алдын-алу мақсатында жергілікті атқарушы органның бастамасымен Қарағанды ​​облысында санитарлық посттар орнатуды жоспарлап отырмыз", - деді Қиясов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram