Бас санитар дәрігер ТЖ режимінен кейін үйлену тойларын өткізуге қатысты пікір білдірді

© pixabay.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталған соң отбасылық іс-шараларды өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталған соң отбасылық іс-шараларды өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, отбасылық және еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. Онлайн брифинг барысында журналистер қазақстандықтарға енді үйлену тойларын, құдалық және тағы сол сияқты іс-шараларды өткізе ала ма деген сұрақ қойды.

"Бүгінде елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге рұқсат бермейді. Ол ғимараттар болсын, аулада болсын тыйым салынады. Себебі коронавирус инфекциясы бізде әлі де бар. Ол өте жұқпалы. Барлығының осындай іс-шараларды өткізгісі келетінін түсінеміз. Бірақ сонда да біз өзгелерді де ойлауымыз керек. Сондықтан мен барлығыңыздан осы мәселеге түсіністікпен қарап, алдын алу шараларын ұстануды сұраймыз", - деді Есмағамбетова.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама