21 қаңтар 2022 22:09

Бас санитария дәрігері Қазақстанда карантин шектеулерін жеңілдетті

Фото: Әлихан Сариев

ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов білім беру ұйымдарының жұмысы, карантин мерзімі және "қызыл", "сары", "көк" және "жасыл" мәртебелерін сақтау туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов білім беру ұйымдарының жұмысы, карантин мерзімі және "қызыл", "сары", "көк" және "жасыл" мәртебелерін сақтау туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, COVID-19 жұқтырған науқастар мен онымен байланыста болғандар үшін карантин кезеңі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.

"Қызыл" мәртебе қойылған адамдарда бұл мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын "жасыл" мәртебеге ауыстырылады.

Реклама
Реклама

"Сары" мәртебесі бар адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң "көкке" ауыстырылады.

Байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау бар болған кезде, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда соңғы 3 ай ішінде "жасыл" мәртебе сақталады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру "қызыл", "сары" және "жасыл" аймақтарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта жүргізіледі.

"Қызыл" аймақтарда 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар, 600 оқушыға дейін қабылдайтын мектептер) штаттық форматта жұмыс істейді. 600 оқушыдан көп болса, мектептердің жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемемен штаттық форматта өтеді. 

"Қызыл" аймақтағы жоғары оқу орындарында және колледждерде оқу аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн режимде өтеді. 

Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Жаңа қаулының толық нұсқасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram