28 желтоқсан 2022 | 11:57

Бас санитария дәрігері қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бас санитария дәрігер - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова балалар арасында тұмаудың өршуіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас санитария дәрігер - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова балалар арасында тұмаудың өршуіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, эпидемиялық маусым басталғалы, яғни 1 қазаннан бері Қазақстанда 2,2 миллион жіті респираторлық вирустық инфекциялар және 2 284 тұмау жағдайы тіркелген, аурудың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда кездескен.

Бас санитария дәрігері Қазақстан халқына балаларды адам көп жиналатын жерлерге апармауды сұрап үндеу жолдады.

Реклама
Реклама

"Ата-аналарға өтініш айтқым келеді. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік желілерде балалардың дене қызуы көтеріліп, оны түсіру қиынға соғатыны туралы ақпарат толып жатыр. Өтініш, қазіргі жағдайды ескеріп, балалардың денсаулығына абай болыңыздар. ЖРВИ және тұмау балаларда асқынып тұр. Жаңа жыл мерекесі кезінде және қаңтарда аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты балаларды мектеп пен балабақшаға, сауда орталықтарына және басқа да адам көп жиналатын орындарға апармаңыздар", - деді Айжан Есмағамбетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная