20 қыркүйек 2021 | 10:38

Бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.

Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына (бұдан әрі - № 38 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  • денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және видео түсірілім жүргізуге шектеу салу алып тасталсын;
  • COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материал алу және тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтау тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын: "COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу";

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная