19 наурыз 2019 | 17:48

Бас санитарлық дәрігер мереке күндері дастарқанға қойылатын ең қауіпті тағамды атады

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин үй жағдайында дайындалған қаймақтың қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин үй жағдайында дайындалған қаймақтың қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көп тағам дайындаған кезде, мысалы, салат жасаған кезде майонез және үй жағдайында әзірленген қаймақтарды шектеу керек, себебі ондай қаймақ түрлері денсаулыққа қауіпті. Әрине, үйде дайындалған тағам дәмді болады, дегенмен оның саны көп болған жағдайда және ол сатылымға шығарылған кезде өнім гигиена талаптарын бұзады", - деді Бекшин брифинг барысында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, мейрамдардан кейін қазақстандықтар арасында ішек инфекциясы мен улану жағдайлары көп тіркеледі. Сондықтан бас санитарлық дәрігер тағам өнімдерін сақтау және пайдалану мерзімдерін қатаң сақтауға кеңес береді.

"Бағасы төмен тауарларға назар аударыңыздар, тауар арзан болса, күдіктенуге болады. Ол тауардың сақтау мерзімі өтіп кетейін деп тұрғанын немесе тіпті мерзімі өтіп кеткенін білдіреді", - деп ескертті Жандарбек Бекшин.

Жаңажылдық дастарқанға не қоюға болмайды?


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram