ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2021 | 14:37
"Басқаларға несие рәсімдейді". Депутат онлайн-алаяқтық мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымоваға депутаттық сауалын жолдады. Ол Қазақстандағы жеке басын сәйкестендіру процедуралары жүйесіндегі проблемалар алаяқтардың басқаларға несие рәсімдеуіне әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымоваға депутаттық сауалын жолдады. Ол Қазақстандағы жеке басын сәйкестендіру процедуралары жүйесіндегі проблемалар алаяқтардың басқаларға несие рәсімдеуіне әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елімізде интернет желісіндегі алаяқтық деректері өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 17,8 мың істі құрап отыр. 25 мыңнан астам адам зардап шекті, 8,2 млрд теңге көлемінде шығын келтірілді. 7 ай бұрын халыққа онлайн несие берумен байланысты алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткендігін көтеріп, арнайы депутаттық сауал мен нақты іс-шаралар тізбегін ұсынған болатынбыз. Бірақ, қабылданған іс-шаралар тізімі әлі де, агенттік тарапынан жұмыстың бірізді жүйеге қойылмағандығын аңғартуда. Оған нақты негіз ретінде алаяқтар тарапынан азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, онлайн несиені өзге адамға заңсыз рәсімдеуі болып отыр", - деді депутат.
Ол алаяқтардың жеке деректерін пайдаланып, басқа азаматтарға әлі де несие беріп отырғанын айтты.
"Жақында елорда тұрғыны Атырау, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының азаматтарына олардың қатысуынсыз, басқа тұлғалардың құжаттарын пайдалана отырып, 10 миллион теңгеге онлайн несие рәсімдеген. Несие азаматтың өзінің қатысуынсыз берілген, яғни келтірілген нақты мысалдар жеке басын сәйкестендіру рәсімдерін реттеу жүйесінің толық әзірленбегенін айғақтайды", - деді мәжілісмен.
Әбілқасымовадан онлайн-несие алуға өтініш берген кезде оның жеке деректері мен телефон нөмірінің оператор желісімен индентификация жасалуын енгізуді ұсынды.
"Сонымен қатар, Сізден тез арада барлық микроқаржылық ұйымдардың "Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының" ақпаратымен идентификация жасауды ұйымдастыруды сұраймын. Көтерілген мәселенің қауіптілігін ескере келе, Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау органдарымен бірлесе интернет-алаяқтықты жою бойынша жедел әрекет ету қадамдарын ұйымдастыру керек", - деп қосты депутат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также