15 желтоқсан 2021 | 10:39

Баспана жалдау шарты: қандай жағдайда үй иесі тұрғындарды шығарып жібере алады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Жалға берілетін тұрғын үй қалыпты құбылысқа айналды және жеке тұрғын үйі жоқ адамдар үшін іс жүзінде жалғыз жол саналады. Алайда қазақстандықтар жақсы баспана іздеумен қатар, заңды негізсіз пәтерден қуып жіберетін пәтер иелерімен бетпе-бет келіп жатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жалға берілетін тұрғын үй қалыпты құбылысқа айналды және жеке тұрғын үйі жоқ адамдар үшін іс жүзінде жалғыз жол саналады. Алайда қазақстандықтар жақсы баспана іздеумен қатар, заңды негізсіз пәтерден қуып жіберетін пәтер иелерімен бетпе-бет келіп жатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтық және қылмыстық істер бойынша тәжірибелі заңгер Марал Иманбаеваның айтуынша, мұндай жағдайлар сирек емес. Ал тұрғындар өз құқығын заң деңгейінде қорғаудың орнына, көшуді оңайырақ санайды.

Қандай жағдайда үй иесі тұрғындарды шығарып жібере алады?

Реклама
Реклама

Марал Иманбаеваның айтуынша, заңға сәйкес меншік иесі шартты мерзімінен бұрын бұзып, мынадай жағдайларда сот арқылы жалға алушыларды үйден шығаруды талап ете алады:

  • екі реттен артық төлемді кешіктіру немесе төлемеу;
  • қасақана немесе абайсызда жалға берушінің мүлкіне зиян келтіру;
  • жалға алушы немесе ол жауапты азаматтардың пәтерді қиратуы немесе зақымдауы;
  • пәтерді басқа мақсатта пайдалану немесе көршілер құқығы мен мүддесін бұзу. Мысалы, жалға алушылар пәтерді кеңсеге немесе жатақханаға айландырса;
  • үй-жай тұрақты тұруға жарамсыз болса, сондай-ақ апатты жағдайда болса;
  • қосымша жалға алушыға қатысты шағымдар болуы керек.

Осындай жағдайларда ғана жалдау шартын бұзуға болады.

"Қазақстандықтарға жағдайды түсініп, өз құқығын қорғағаннан гөрі, тұрғын үйді ауыстыру оңайырақ. Бұл жағдай жалға берушіге ыңғайлы. Бірақ уақытында ақысын төлеген жағдайда, тұрғын үйді таза ұстап және көршілерінен шағым болмаса, құқығыңызды қорғай аласыз. Егер жалға беруші бір жыл ішінде басқа адаммен жалдау шартын жасаса, онда жалға алушының жалдау құқығын өз атына аударуға, сондай-ақ залалды өндіріп алуға құқығы бар", - деп кеңес береді Марал Иманбаева.

Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная