14 ақпан 2022 12:13

Баспасөз хатшысы Тоқаевтың Ресейге жасаған сапарының жай-жапсарын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото akorda.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы екі күн­де, яғни 10-11 ақпанда Мәс­кеуге, Татарстан Респуб­ли­касына барды.

"Қазіргідей "ковид" кезінде бұлай жоғары деңгейде қабылдау - сирек кездесетін жағдай. Иран, Франция сияқты елдердің президенттерін салқын қабылдап, олармен үлкен ақ үстелдің екі басында отырып келіссөз жүргізді", - деді Берік Уәли.

Реклама
Реклама

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі Кремль сарайында өтіп, нәтижесінде білім беру, цифрландыру, ғарышты игеру, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша мамандар даярлау саласындағы келіссөздерге қол қойылды.

"Қазақстанда Ресейдің жетекші жо­ғары оқу орындарының филиалдарын көбейту, сондай-ақ, "Бола­шақ" бағдарламасы аясында қажет мамандар даярлау жөнінде маңыз­ды уағ­даластықтарға қол жеткізілді. Бұл бағыт бойынша Алматыда МИФИ-дің, Аты­рауда Губкин атындағы уни­вер­ситет­тің филиалдарын ашу жұмыстары бас­талып та кетті. Бауман атындағы Мәс­кеу мемлекеттік техникалық универ­си­те­­тімен және басқа да бірқатар оқу орны­­мен олардың өкілдіктерін ашу жайын­да келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақ­стан­ның "Халықаралық бағдарламалар орта­лығы" акционерлік қоғамы Ресей Феде­ра­циясының МИФИ, МФТИ, Губкин атын­дағы РМУ, Бауман атындағы ММТУ, ИТМО, МИСиС сияқты жетекші алты тех­­никалық университеті мен "Бола­­шақ" бағдарламасы аясында ынты­мақ­тас­тық орнату туралы меморандумға қол қойды", - деді ол.

Қазақстан Респуб­ликасы Цифрлық даму, инно­ва­циялар және аэроғарыш өнеркәсібі минис­трлігі мен Ресей Федерациясы Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі цифрландыру саласында тәжірибе алмасу туралы мемо­рандумға қол қойды. Бұл құжат цифр­лы даму саласындағы ынты­мақтас­тықты дамытуға, соның ішінде екі елдің мемлекеттік қызметші­леріне қажет­ техникалық және ұйымдас­ты­ру­шылық дағдыларды үйретуге бағытталған.

Берік Уәлидің айтуынша, тараптардың цифрлық сала басшыларын даярлау бағдарламасын бірлесіп іске асыру, IT мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттырудың қарқынды бағдарламасын іске қосу, Astana Hub халықаралық технопаркі базасында цифрлық трансформация құралдарын қамтамасыз ету және қолдау жөнінде келісім жасалды.

"Келіссөз қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ мен "Трансмашхолдинг" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылды. Бұл құжат маневрлі және магистральды локомотивтерді, жүк вагондарын және Ресей теміржол машина жасау саласының басқа да өнімдерін жеткізуді көздейді. "Трансмашхолдинг" - теміржол машинасын жасау саласының ірі өндірушісі және ұзақ жылдан бері Қазақстан темір жолының негізгі серіктестерінің бірі", - деді Берік Уәли.

"Біз Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы одан ары кеңейіп, арта түсетініне сенімдіміз. Қазақ­стан Президенті өз елінде азаматтар­дың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қам­тамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықты жоюға, экономиканы жаңғыртуға, елдің күштік құрылымдарын нығайтуға бағыт­талған бірінші кезектегі шара­лардың кешенді жоспарын іске асыра бас­тай­тынын айтты. Қазақстандық әріп­тестерімізге бекітілген жоспарларының табысты орындалуына тілектеспіз және бұған жан-жақты көмектесуге дайынбыз", - деді Ресей Президенті.

"Биыл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынас тарихында атаулы күн барын айтқым келеді. Бұл - екі ел арасындағы дипломатиялық қаты­настың 30 жылдығы", - деді Берік Уәли.

egemen.kz сайты

Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясы үкімет төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуі өте нәтижелі болды. Бұл кездесу барысында екі ел арасындағы іскерлік серіктестікті одан ары ілгерілету мәселелері талқыланған.

"Президент барлық күш-жігерді, ең алдымен, сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге шақырды", - деді Берік Уәли.

Мемлекет басшысының Ресей Федерациясына жұмыс сапары Татарстан Республикасында жалғасты.

10 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов пен оның делегациясы қарсы алды.

"Ақын есімінің елімізбен тығыз байланысты болуының да астарында бір сыр бардай. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Ғабдолла Тоқай небәрі 26 жасының 12 жылын Орал қаласында өткізген. Осы жерде татар әдебиетінің алтын қорына енген бірқатар туындысын жазып үлгерді. Орал қаласында оның құрметіне қойылған бюст пен көше атауы бар. Қазақстанның басқа қалаларында, соның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ақын Ғабдолла Тоқай атындағы көшелер бар", - деді Берік Уәли.

Мемлекет басшысының Татарстанға сапары ғасырлық тарихы бар "Қазан Кремлінен" басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда "Құл Шариф" мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді. 

"Қазан Кремлі" аумағында Президент сарайы орналасқан. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов ресми делегациялардың қаты­суымен екіжақты кездесу өткізді.

"Қазақ көшбасшысының республикаға сапары кезінде Татарстан басшысы бірге жүргенін айтып өткен жөн. Араларында достық қатынас орнағаны айтпаса да түсінікті. Бұл - олардың кейінгі 10 ай ішіндегі үшінші кездесуі. Кездесу басында Президент мем­лекеттік тілде сөз сөйлеп, дипломатиялық қызметі аясында және БҰҰ бас хат­шысының орынбасары лауазымында жүргенде алты құрылықты араласа да, Қазан қаласына алғаш рет келіп отырғанын айтты."Мұным ұят болды, бірақ ештен кеш жақсы" деп әзілдеді Президент", - деді Берік Уәли.

Осы кездесуге Татарстандағы қа­зақ­тардың ұлттық-мәдени авто­номиясының басшысы Сағит Жақсыбаев та келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақ қауымдастығының құрылу тарихы мен қызметі жөнінде айтты. 1992 жылы Татарстан халықтары Ассамблеясы құрылып, ол 2007 жылға дейін осы ұйымды басқарды. Қазір республикада 2 мыңға жуық қазақ тұрады, олардың басым көпшілігі - студенттер.

Татарстан экономикасының флагманы саналатын "ТАНЕКО" мен "КАМАЗ" компанияларын өзара іс-қимылдың жарқын мысалы ретінде атауға болады.

"Қазақстан Президентінің Нижнекамск және Набережные Чел­ны қалаларында орналасқан зауыттарды аралап көруі Татарстанға сапарының ең маңызды бөлігі болды. Бұл корпорациялардың екі ел ара­сындағы сауда-экономикалық қаты­настардың дамуына қосқан үлесі зор екені сөзсіз. Мысалы, қазір Қостанай және Қарағанды облыстарында КАМАЗ автобөлшектері мен "Татнефть" автокөлік дөңгелектерін шығаратын зауыттарды салу бойынша үш жоба белсенді жүзеге асырылады. Бұл компаниялардың қатысуымен тағы да үш ірі жоба қолға алынады. Өз кезегінде Татарстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 40-қа жуық бірлескен кәсіпорын табыс­ты жұмыс істеп жатыр", - деді ол.  

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Нижнекамск қаласындағы "ТАНЕКО" кешенін аралау барысында "Татнефть" кәсіпорнында тағы­лым­дамадан өтіп жатқан қазақстандық жас мамандармен кездесті. Жуырда "Татнефть" компаниясы мен Семей қаласының геологиялық барлау колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Нәтижесінде, биыл­дан бастап қазақстандық колледждің студенттері осы кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтеді. Осындай кездесу Набережные Челны қаласында да өтті. "КАМАЗ" компаниясының зауы­тында біліктілігін арттырған қазақ­стандықтар, елге оралған соң Қоста­найдағы осы кәсіпорынның зауытында жұмыс істейді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір ісса­пардан елге оралған сайын дәстүрлі түр­де ел ішіндегі және шетелдік сапар­лардың нәтижесі туралы әсерін бөліседі. Осы сапарға қатысты Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына қысқа мерзімді, бірақ өте мазмұнды сапары­ның нәтижесіне көңілі толатынын, оның Қазақстан мен Ресей арасын­дағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан ары  нығайту тұрғы­сынан табысты болғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Феде­рациясына жасаған осы жолғы сапары мен жоғары деңгейде өткен келіссөздерін Қазақстан мен Ресей арасында кейінгі жылдардағы кездесулердің ішіндегі ең маңыздысы деп есептейді. Ресей Президенті де осындай көзқараста деп ойлаймын", - деді Берік Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram