Басты оқиғалардың бірі: Астанадағы әскери парад тікелей эфирде көрсетіледі

видео кадры

Астанада 7 мамырда Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери шеру тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 7 мамырда Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери шеру тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.

Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Салтанатты шараға 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Реклама
Реклама

Әскери шеру:

  • республикалық телеарналардан;
  • еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан;
  • Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама