27 тамыз 2023 09:32

Батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қаза тапқан 14 жастағы бала марапатталды

КТК телеарнасы

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасымен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Нұрлан Атығаев суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қаза тапқан Владимир Гринбергті "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы өңірдің ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

29 шілдеде Владимир Гринберг отбасымен бірге Қорғалжын ауданының Нұра өзенінде демалып жүрген. Кішкентай батыр 12 жастағы баланың суға бата бастағанын байқап қалған. Владимир абдырап қалмай, суға батып бара жатқан адамға көмекке жүгірген. Бір уақытта ересектер де көмекке ұмтылған, кейін баланың әкесі оны судан шығарып алған.

Реклама
Реклама

"Өз өмірін құрбан еткен Владимир Гринберг суға батып бара жатқан адамды құтқаруға тырысты. Өкінішке қарай, бала суға бата бастады. Оған ешкім көмектесе алмады", - делінген хабарламада.

Нұрлан Атығаев баланың ата-анасына шын жүректен көңіл айтты.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға батып кетті, оның ішінде бесеуі - бала.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram