06 қаңтар 2019 | 13:23

Батыс Қазақстан облысында 80 автокөлік қар құрсауынан шығарылды

Батыс Қазақстан облысында 80 автокөлік қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында 80 автокөлік қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

5 қаңтарда БҚО ТЖК мамандары 36 адамды эвакуациялады, оның жетеуі - бала. Кейбір жолдарда жол-көлік оқиғалары болған. 

Реклама
Реклама

"18:50-да Орал - Атырау тас жолының 305-ші шақырымында БҚО Ақжайық ауданында Scania  жүк көлігі мен Volkswagen Sharan автокөлігі соқтығысқан. Апат орнынан екі адам ауруханаға жеткізілді", - делінген БҚО ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ақжайық, Тасқала және Сырым аудандарынада автокөліктер қар құрсауынан шығарылды. Арнайы техникалардың арқасында автомобильдерді қардан тазартылған жолдарға шығарылды. 

"Біз Ресейден келе жаттық, сол себепті жолдың жабық екені туралы SMS хабарламаны алған жоқпыз. Қатты жел соғып тұр. Жол бойына тоқтап, біраз тұрдық. Ешқандай техника болмады. Тек кешкі уақытта жолды тазалай бастады", - деді жүргізуші Ануар Каюпов. 

Қазіргі уақытта екі тас жол жабық: Чапаев ауылынан Ресей Федерациясының территориясына дейін баратын жол және Қазталов ауылынан РФ шекарасына дейін. ТЖК өкілдері алыс жолға шықпауға кеңес береді. 

Батыс Қазақстан облысында 5 қаңтарда аяз болды. Түннен бастап барлық бағытта жолдар жабық болды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная