Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі полицей қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі полицей қаза тапты Фото:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажет тергеу және жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Полиция департаменті мен ішкі істер органдарының жеке құрамы полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қазақстан ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.

"Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

ІІМ басшысы ведомство қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама