26 маусым 2021 16:08

Батыс Қазақстан облысында карантин күшейтілді

Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысының бас санитария дәрігері өңір аумағында қатаң карантин шектеулерін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының бас санитария дәрігері өңір аумағында қатаң карантин шектеулерін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта мынадай шектеру шаралары қарастырылған: 

  • "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу;
  • жабық үй-жайларда да, ашық ауада да (азық-түлік жәрмеңкелерін, оның ішінде ашық ауада "демалыс күні" жәрменкелерді қоспағанда) жәрмеңкелердің әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салу;
  • Жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;
  • 5 жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларын қоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді тағу міндетті;
Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерінің жұмысына рұқсат берілді. 

Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін екені ескертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram