15 қазан 2022 11:50

Батыс Қазақстан облысында мұнай өнімдері заңсыз шығарылмақ болған

БҚО-да мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8-11 қазан аралығында ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысының "Жайық" темір жол өткізу пунктінде еліміздің аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз шығарудың алдын алды.

Жағар май тиелген 20 теміржол цистернасы битумдық лактарды еріткіш "Уайт-спирит" ретінде көрсетіліп, жүкке арналған темір жол құрамдарымен тасымалданған.

Реклама
Реклама

Ұсталған жүк құзыреті бойынша процессуалдық шешім шығару үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Шекара қызметі Қазақстандағы бензин, дизел отыны мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің шығарылуына уақытша шектеулер қойылғанын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram