23 қыркүйек 2023 | 17:38

Батыс Қазақстан облысының жастары "Бастаңғыда" бас қосты

БҚО баспасөз қызметі

БҚО-да ауыл жастарының бастамасымен бастаңғы ұйымдастыру дәстүрге айналды. Ауыл жастарының басын қосқан "Бастаңғы" осы жолы Бәйтерек ауданында өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО-да ауыл жастарының бастамасымен бастаңғы ұйымдастыру дәстүрге айналды. Ауыл жастарының басын қосқан "Бастаңғы" осы жолы Бәйтерек ауданында өтті.

Бұған дейін көне салт-дәстүрді жаңғырту мақсатындағы атаулы шара Ақжайық ауданында ұйымдастырылып, өзге аудан жастары да қолдап, ірі бастамаға айналған болатын.

Реклама
Реклама

Шаған өзенінің жағасына киізүйлер тігіліп, алаңқайдың қоршауына найза шаншылды. Шараға 22 ауылдан 100-ден аса жастар қатысты.

Алдымен әруақтар рухына Құран бағышталып, қой бауыздалды. Жастар ол жерде қойды қалай соятынын көрді. Қыздар жағы құрт қайнатып, бауырсақ пісірді.

Ұлттық ойын Жамбы атудан жарысқан жастар аударыспақта білек күшін байқасты. Өнерлі өрендер күй тартыс жасап, дәстүрлі әнмен бастаңғының бәсін асырды. Алтыбақан теуіп, шежіре тарқатқан әңгіме көрігі қызды.

Іс-шарада түрлі салт-дәстүр туралы кеңірек мағлұматтар беріліп, арнайы көрініс қойылды. Соның ішінде театрландырылған қойылымда ауылға салт атпен келген сал-серілерді құрметпен қарсы алған жастар "Деңгене", "Сірге жияр", "Қап қағар", "Қазан шегелеу", "Біз шаншар" сынды салт-дәстүрлерін дәріптеді.


Әр киіз үйде ауданның спорт, кітапхана, туризм, шырғамашылық орталығы, мәдениет және өнер саласында жүрген жастар жетістіктерімен бөлісіп, көрме ұсынды.

Әдемі кешті тамашалағандардың қатарында аудан әкімі М.Тоғжанов, облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Мереке Құлкенов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, облыстық "Орал өңірі" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылары одағы облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Ғұбайдуллин, облыстық қоғамдық даму басқармасының жастар бөлімінің басшысы Мирфат Бисекенов бар.

Меймандарға жайылған дастархан басында "Табақ тарту" рәсімі жасалды.

Күмбір күй төгіліп, әсем ән шалқыған думанда аудан жастары өзара қағытпа қалжың, әдемі әзілдерімен сауық кешін түйіндеді.

Материалды Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная