03 қараша 2018 | 17:07

Батыс Қазақстанда ежелгі Сармат тайпасына тән жерлеу орындары табылды

Камила Долаева Журналист

Жұмысшылар Маңғыстау облысында Сармат тайпасының болғанын дәлелдейтін сүйетерді тапты, - деп хабарлайды Tumba.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жұмысшылар Маңғыстау облысында Сармат тайпасының болғанын дәлелдейтін сүйетерді тапты, - деп хабарлайды Tumba.kz тілшісі.

Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында су құбырларын орнату құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда, жұмысшылар адам сүйегі қалдықтарын кездестірген.

Реклама
Реклама

"Алдымен мұның не екенін білмедік, қалта шамын қосып едік, үш адамның қаңқасы екенін көрдік. Бірнеше сүйек үйіліп тұрды. Түрікмен де, қазақтар да адамды бұлай жерленген емес, қабірлерге кем дегенде 1500 жыл бар. Әрине, бүл бізді шығынға әкеледі, бірақ ары қарай қаза бердік", - дейді жұмысшылар.

Адам қалдықтарын тапқаннан кейін олар дереу полицияға хабарласқан, содан кейін археологтар өз жұмысына кіріскен. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлерінің айтуынша, төрт жерлеу орнын тазалау кезінде алты адамның, оның ішінде бала мен әйелдің қалдықтары табылған.

Сарапшылар жерлеу рәсімін б.з.д. 4-ші және біздің дәуіріміздің I ғасырына жатқызды. Олар қалдықтар Сарматтарға жатуы мүмкін дейді.

Археологтар аймақтық билік органдары мақұлдағаннан кейін қазба жұмыстарын бастайды. Қаңқа қалдықтарын зерттеу үшін олар Алматыдан әріптестерін шақырмақшы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная