Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалған ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.

Жақын арада өңірде киік санын реттеу жұмыстары басталады, жалпы киік басының 20 пайызын алу жоспарланып отыр, бұл - 460 мың жануар. Аулауға "Охотзоопромның" төрт бригадасы жауапты болмақ.

Реклама
Реклама

"Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандартты бекітті. Біз консервілерді қайта өңдеп, оларды дүкендерде сата аламыз. Қажет процедуралар орындалды", - деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда киік етін өңдеумен айналысқысы келетін инвесторлар табылғаны хабарланды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама