ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2019 | 17:50
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Бауыржан Байбек - 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) "Неміс тілі"; "Болашақ" бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.
"Нұр Отан" ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті , атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
ҚР Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы.
Показать комментарии
Читайте также