12 шілде 2019 11:18

Бауыржан Байбек билікті сынайтын айтыскерлер туралы пікірін айтты

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек билікті сынайтын айтыскерлер туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек билікті сынайтын айтыскерлер туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

Бауыржан Байбектің пікірінше, қазір айтыстың деңгейі төмен, ұпай жинауға тырысатындар көп.

Реклама
Реклама

"Кезінде айтыскерлер үлкен сахнадан Nur Otan туралы айтып, халыққа оны жақын көрсеткен болатын. Соңғы сайлауда өздеріңіз білесіздер, кейбір айтыскерлер билікке қарсы шықты. Неге? Олармен нақты жұмыс жүргізілмеген. Қазіргі кезде кейбір айтыскерлердің деңгейі төмен. Жалпы әңгімені айтады, халыққа ұнау үшін. Ұпай жинау үшін", - деді ол. 

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Nur Otan фракцияларының жұмысын да сынға алды.

"Фракцияның жұмысы көңілден шықпайды. Өзекті мәселелерді қарастырмайды. Қарапайым сұрақтардан бастау керек. Мәслихаттағы депутаттардың басым көбі - Nur Otan партиясының мүшелері. Олар бюджетті, бағдарламалардың орындалуын қадағалап отыруы қажет. Әкімдер дұрыс жұмыс істемесе, оны да бір жағына шығаруға болады. Жергілікті атқарушы биліктің жұмысын қадағалауды күшейтеміз", - деді Алматы қаласының экс-әкімі. 

Бауыржан Байбектің сөзінше, енді Nur Otan партиясы бұрынғыдай болмайды. Әлеуметтік желіде белсенділікті арттырып, ел-жұрттың кез келген мәселесіне реакция танытып, уақыт талабымен бірге өзгереміз дейді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram