28 қаңтар 2020 | 16:07

Бауыржан Байбек Facebook-те парақша ашты

© youtube.com

Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-те парақша ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-те парақша ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Бірнеше айдан бері Елбасы, Nur Otan партиясы лидерінің тапсырмасы бойынша Үкіметпен және өңірлік филиалдармен бірге аудандарды, қалалар мен облыстарды дамытудың 5 жылға арналған жаңа бағдарламаларын әзірлеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаларда жергілікті ерекшеліктерді есепке ала отырып, әрбір жекелеген өңір азаматтарының нақты қажеттіліктері көрініс табатын болады. Еліміздің барлық елдімекендері, оның ішінде ең шалғай аудандар мен ауылдар да қамтылады.

Реклама
Реклама

Жұмыс барысында таяудағы айларда Nur Otan партиясының басшылығы еліміздің бүкіл өңірін аралап шығады. Бұл ретте барынша әрбір азаматты қамтуды жоспарлап отырмыз. Кездесіп, тыңдап, толғандырып жүрген мәселелерді "түртіп алу" көзделген.

Осы жұмыстардың ашықтығы үшін Facebook-те өз парақшамды ашуды жөн көрдім. Мұнда сіздермен тікелей өз әсерлеріммен, жоспарларыммен бөлісіп отырамын. Қадірлі достар! Сіздер конструктивті ұсыныстар беріп, партия көтеріп отырған мәселелерді талқылауға белсенді қатысасыздар деп үміттенемін. Біз елімізді тек бірлесіп қана өркендете аламыз!", - деп жазды ол. 

Алматы қаласының экс-әкімінің сондай-ақ, Instagram және Twitter желісінде аккаунты бар. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram