29 маусым 2019 12:56

Бауыржан Байбек жаңа қызметке келді

Камила Долаева Журналист
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

"Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті таныстырды", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Нурсултан Назарбаев представил нового первого заместителя председателя партии Nur Otan Бауыржана Байбека pic.twitter.com/DnjBmhXzDy

— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 29 июня 2019 г.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев партияның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Бауыржан Байбектің тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіндег3лер хабарлады.

"Бауыржан Байбек "Болашақ" бағдарламасының түлегі, дипломатиялық қызметте және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. Ол бұған дейін партия Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі лауазымындағы жұмысына оң баға беруге болады", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбектің партияны және бүкіл мемлекетімізді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді. "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәулен Әшімбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

"Мәулен Әшімбаев партия басшылығында болған кезеңде екі съезд өткізіп, Президент сайлауына қатыстық. Осының бәрі партиямыз үшін зор сынақ болды. Ол табысты жұмыс істеді деп ойлаймын. "Nur Otan" - еліміздің басты саяси күші. Алдымызда партияның қоғамдағы беделін одан әрі арттыру міндеті тұр", - деді Елбасы.

Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Nur Otan" партиясының қызметі бүкіл елімізді дамытуға бағытталуға тиіс екендігін атап өтті.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram