12 қазан 2023 | 12:52

Бауыржан Байбектің әйелі судья қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Freepik

Жанар Байбек елорда сотының судьясы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жанар Байбек елорда сотының судьясы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.

Реклама
Реклама

Құжатта қызметінен босатылған 35 судьяның тізімі берілген. Олардың арасында елордалық сотта судья болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар. Жарлықта ол өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны атап өтілген.

Құжатқа 2023 жылдың 6 қазанында қол қойылған. Ол қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Ашық ақпарат көздерінде Жанар Байбектің Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная