Бауыржан Байбек Үлкен Алматы айналма автожолы жобасына қанша қаражат жұмсалатынын айтты

Бауыржан Байбек Үлкен Алматы айналма автожолы жобасына қанша қаражат жұмсалатынын айтты

Алматы ?кімі Бауыржан Байбек инвестициялы? форум барысында ?лкен Алматы айналма автожолы жобасыны? ба?асы ?андай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек инвестициялық форум барысында Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы 1,5 миллиард доллардан асады. Автожол қаладағы көліктердің санын тәулігіне 40-60 мыңға азайтады", - деді әкім.

Сондай-ақ, ол соңғы он жылда Алматыда 30 жолайрықтың салынғанын, алайда олардың кептеліс мәселесін шешуге көмектеспегенін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Тұрғындар екі апта уақыттай қуанып қалды (жаңа жолайрық пайда болғанда - автор.), сосын өздері сол жерлерде кептелісте тұрады. Бұл жаһандық проблеманы шешпейді. Сондықтан да қазір біз "Алматы - жаяу жүргіншілерге арналған қала" жобасына көшеміз. Автобустарға арналған арнайы жолақтардың саны көбейеді", - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала әкімі 2018 жылдың ортасында Алматыда неміс электравтобустарын шығаратын зауыт ашылатынын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама