05 шілде 2022 08:59

Баян Мақсатқызының экс-жұбайы мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Бақытбек Есентаев. Әлеуметтік желілерден алынған фото

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы бизнесмен Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы бизнесмен Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап. 

Сот мәліметінше, өтінішті Қапшағай (қазіргі Қонаев - автор.) қалалық соты қарайды. 

"Сотталған Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш Қапшағай қалалық сотына түсті. Тыңдау күні 11 шілдеге белгіленді", - деді Алматы облыстық сотындағылар.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың қарашасында сотталған болатын. Ол әйеліне қатысты "Адам өлтіру әрекеті" үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Заңға сәйкес, мұндай қылмыс "аса ауыр" санатына жатады. Сондықтан, сотталғандар жаза мерзімінің кемінде үштен екісі өтелгеннен кейін ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрай алады. Бұл кезең Есентаев үшін осы жылдың маусымына келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram