27 шілде 2023 | 09:35

Баянауылда 12 елді мекенде интернет жоқ, 202 ауылда ғаламтор сапасы нашар

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында 12 ауылда интернет мүлде жоқ. Өңірдегі 352 елді мекеннің 340-ы кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында 12 ауылда интернет мүлде жоқ. Өңірдегі 352 елді мекеннің 340-ы кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Интернет қол жетімсіз 12 ауылда мобилді байланыс жүйесі де жоқ. Бір қызығы, бұл елді мекеннің барлығы да бір ауданға қарайды. Ведомство мәліметінше, Баянауыл ауданы облыс орталығынан шалғайда орналасқандықтан және ол ауылдарда тұрғындар саны аз болғандықтан, байланыс операторлары мен интернет провайдерлердің қызығушылығы жоқ.

"Осы 12 елді мекеннің ішінде тұрғындар саны екі жүзден асады. Бір ауылда халық саны - 124. Қалғандарында жан басы жүзге де жетпейді. Сол себепті байланыс операторлары экономикалық тұрғыдан тиімсіз, деп ол ауылдарға интернет тартуға құлық танытпай отыр", - дейді Павлодар облыстық цифрлық технологиялар басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Әйтсе де, елдегі ұялы байланыс операторларының бірі Баянауылдағы Мұрынтал, Ақмектеп және Шоманкөл ауылдарына 3/4G интернет жүйесін қосып беруге келіскен.

Айта кетейік, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрлігінің ресми сайтында Павлодар облысында интернет байланысы нашар 202 елді мекеннің тізімі жарияланған.

Е. Базарқұл

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная