ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2019 | 09:05
Баянауылда төрт күннен бері өрттің түтіні әлі шығып тұр
Баянауылда төрт күннен бері өрттің түтіні әлі шығып тұр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Баянауылда төрт күннен бері өрттің түтіні әлі шығып тұр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ұлттық парктің 47 гектар аумағын жалмаған жалынды ауыздықтауға 100-ден аса адам жұмылдырылып, 20-дан аса техника тартылған. Сондай-ақ, Өскемен мен Көкшетаудан жедел жеткен тікұшақтар әуеден 350 тоннадан астам су шашқан.
14 шілдеде Баянауылдағы Ұлттық парк отқа оранған еді. Өрт өшірілсе де, бықсыған түтін басылмай тұр. Жалынның бас алуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түнгі уақытта 12 қызметкер мен төрт техника ұлттық саябаққа кезекшілік жасайды. Қазір өртке қатысты арнайы штаб құрылған. Түтін толықтай сөнгесін ғана өрттің шығу себебі анықталады.
Показать комментарии
Читайте также