ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 қаңтар 2022 19:40
Байбек NurOtan съезінің өңірлік делегаттарының санын жариялады
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 28 қаңтарда өтетін партия съезіне өңірлерден келетін делегаттардың санын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Nur Otan партиясының өңірлік саяси кеңестері отырысының қорытындысы бойынша (жарғының 8.3.1. тармағына сәйкес) 28 қаңтарда өтетін партияның кезектен тыс ХХІ съезіне 399 делегат сайланды", - деп жазды Байбек Twitter-де.
Бұған дейін партияның кезектен тыс съезі онлайн форматта 28 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу